jasqazaq.kz

Қазығұрт тауында ірі туристік кешеннің қазығы қағылды

21 наурыз 2018, 15:02

Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды.

Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына алып баратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сондай-ақ ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігінен мәлім етті. «Наурыз — Қазығұрттан басталады» атты Наурыз тойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі де, бірегейі болды. Алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазығұрттың биігіне орнатылмақ. Ол үшқабатты, ұзындығы — 137 метр, ені — 30, ал биіктігі 15 метр болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаңдарының құрылысын салу қарастырылады. Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаңдарын жасау жұмыстары бар», — деді Жансейіт Түймебаев. Осылайша облыс басшысы бастаған өңір азаматтары тарихи нысанның қазығын қақты. Жергілікті жұртты қуанышты жайтпен құттықтады. Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы жылы қолға алынатын ауқымды мәдени шараларды да атап өтті. Мәселен, «Ұлтық қолөнер — ұлы мұра», «Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі» жастар форумы, «Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың жалауы» қызғалдақ фестивалі, «Қымызмұрындық», «Қауынфэст», «Сафари Шардара» және тағы басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен