jasqazaq.kz

Қазақстандық жедел жәрдем шақырғаны үшін 80 мың төлейді

18 қазан 2024, 16:35

«Ақтау тұрғыны жедел жәрдем бригадасын әзіл үшін шақырған. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Маңғыстау облыстық Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.

Оқиға 14 қазанда болған. 103 пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде ішу туралы шақыру келіп түсті.

«Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын пранк үшін шақырғанын айтты», — деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 438-бабына сәйкес. Осы бапқа сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.»

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде не аварияны, өрттерді, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою кезеңінде жасалған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге).

Нәтижесінде арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін ер адамға 80 000 теңге айыппұл салынған.

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды