jasqazaq.kz

Қазақстандық оқушылар арасында техникалық мамандықтарға деген қызығушылық артты

22 мамыр 2018, 16:50

Бұл жайлы «Өмірлік таңдау» жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы ұйымдастырған әлеуметтік зерттеу нәтижесінде белгілі болды. «Өмірлік таңдау» — «Самұрық-Қазына» АҚ — «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы. Бұл бағытта елімізде тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырды.

Кеше елордамызда жобаның нәтижелерін айшықтайтын қорытынды форум ұйымдастырылды. Шара «Жобаның үздік тренері» байқауының финалистері, елордалық мектептердің педагог-психологтары, ҚР Білім және ғылым Министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ғылыми-зерттеу орталықтары, жастар ұйымдарының өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты.

«Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы жастарға арналған тренингтер жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда түлектердің көбі жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын білмей жатып, таңдауын гуманитарлық мамандықтарға тоқтатады. Сондықтан біз 36 мың оқушы мен олардың ата-аналары үшін арнайы жұмысшы мамандықтардың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында тренингтер ұйымдастырдық», — деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының басқарушы директоры-ресми өкілі Лима Диас.

Жоба аясында ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге бағытталған тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылып, барлығы 36 000 оқушы мен олардың ата-аналары және 260 педагог-психолог қамтылды.

Өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылар оқушылардың жұмысшы мамандық жайлы білімдерін тексеріп, олардың қызығушылық деңгейін анықтады. Тренингке дейін олар техникалық кәсіпті беделге ие емес, қара жұмыс санатына жатқызса, тренинг өткен соң оқушылардың жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасы әлдеқайда өзгергенін айта кету керек.

«Жоба іске қосылмас бұрын біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде тренингтен соң едәуір өзгерістерді байқадық, мәселен сұралғандардың 5-10 пайызы өз болашақтарын жұмысшы мамандықпен

байланыстыруға ниетті екендерін жеткізді. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш», — деп атап өтті Лима Диас.

Сонымен қатар, «Жобаның үздік тренері» байқауының бес жеңімпазы анықталды. Байқау нәтижесі бойынша бес мұғалім Санкт-Петербург қаласындағы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Топтық және жекелей кәсіби бағдар берудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алды.

Байқау жеңімпаздары: Момбаева Қаракөз (Шымкент қаласы, №30 мектеп), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Ақтөбе қаласы, №16 мектеп), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі), Кенджебаева Мира Урынбасаровна (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп), Серимбаева Данна Тулеубаевна (Павлодар қаласы №19 мектеп)

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Түлектер арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізудегі мәселелер» әлеуметтік зерттеуінің талқылау аймағы ұйымдастырылды. Форум спикерлерінің бірі «Сколково» Мәскеулік басқару мектебі «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының кәсіби дағдыларды дамыту департаментінің басшысы Дьячкова Екатерина Васильевна қатысушылар мен елорданың 100 мұғалімі үшін арнайы «Болашақ мамандықтарын таңдау» тақырыбындағы бағдарламасын таныстырды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен