jasqazaq.kz

Қазақстандық әйел баласын Ресейге апарып сатпақ болды

06 сәуiр 2018, 16:15

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының тергеу органдары Мәскеу қаласында 33 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.

 Baq.kz  хабарлағандай, тергеу амалдарының нұсқасы бойынша, 2017 жылы желтоқсан айында Алматыда тұратын әйел пайдакүнемдік ниетпен әлеуметтік желілердің біріне 2017 жылы туған сәбиін асырап алатын ата-ана іздейтіні туралы хабарлама жазған. Ол хабарламада баласын асырап алушылардан материалдық өтемақы керек екендігін айтқан. Ол баласын сату үшін 20 мың доллар (шамамен 6,5 миллион теңге) талап еткен.
2018 жылы 5 сәуірде әйел сату-сатып алу мәмілесі үшін сәбиімен бірге Мәскеуге барған. Сатып алушылардың рөлінде ойнаған полиция қызметкерлеріне ол баладан бас тартуы туралы қолхат жазып берген. Сол күні мәмілеге келгендер баланың анасына ақшалай сыйлық беру үшін мәскеулік банкке барып, сол жерде әйелді тұтқындайды.
Ресей Федерациясы аумағында туған-туысқандары жоқ болғандықтар, сәби балалар үйіне орналастырылды.
Тергеу барысында тергеушілер айыпталушының қайда тұратынын, оның туған-туыстарынан жауап алу үшін және ұлдың биологиялық әкесі туралы мәлімет білу үшін Қазақстанға сұраухат жіберуге ниетті.
Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты кейінге шегеруге болмайтын тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу амалдары жалғасуда.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды