jasqazaq.kz

Қазақстан Ресейге көмір экспортын ұлғайтты

06 ақпан 2018, 17:53

Қазақстан 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелге құны 407,8 млн доллар болатын 24,5 млн тонна тас көмір сатты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2016 жылдың 11 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда көмір экспорты 14%, ал ақшасы жағынан 56% өсті.

Еліміз көмірді, негізінен, Ресейге экспорттады. 18,8 млн тонна көмірді 235, 2 млн теңгеге сатты. Бұл 2016 жылға қарағанда 8,4% көп.

Бұдан басқа, Финляндияға 3,2 млн тонна ($48,4 млн), Қырғызстанға 903,6 мың тонна ($14,7 млн), Швейцарияға 673,4 мың тонна ($43,3 млн) жіберілді.

Сонымен қатар, Украинаға 50,6 млн долларға 369,8 мың тонна, Кипрге 9,6 млн долларға 157 мың тонна экспорталды.

Статистикалық деректерге қарай, 2017 жылы Қазақстанның 13 кәсіпорны 280,8 млрд теңгелік тас көмір мен лигнит (сапасы төмен тас көмір) өндірді. Бұл көрсеткіш – 2016 жылмен салыстырғанда 6% жоғары. Мұнымен қоса, 106,7 млн тонна көмір алынып, өнімділігі 8,3% көтерілді.

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады