jasqazaq.kz

Қазақстан мен Ресей Президенттері мамыр айында кездеседі

24 сәуiр 2018, 12:42

Мамыр айында Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездеседі. Бұл туралы бүгін Ақордада Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездескен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты. 

ҚазАқпарат хабарлағандай, кездесу барысында Мемлекеттік хатшы қазіргі кезеңде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзара сенім мен түсіністікке негізделген тату көршіліктің жарқын үлгісі екендігін атап өтті. «Өзіңіз де білетіндей, өткен жылы дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өттік. Бірқатар шара ұйымдастырылды. Елдеріміз арасында тығыз өзара қарым-қатынас орнаған. Мемлекет басшыларымыз да тығыз байланыста. Мамыр айында Мемлекет басшыларының кездесуі болады деп күтілуде. Мұнан бөлек те бірқатар телефон арқылы әңгімелесулер болып, онда маңызды мәселелер талқыланды», — деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова. Сонымен қатар ол елдеріміздің арасында қарқынды саяси диалог өрбіп, тығыз экономикалық байланыс орнатылғана баса назар аударды. Мәдени-гуманитарлық, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық зор мазмұнға ие болғандығын еске салып өтті. Мұнан бөлек биыл еліміз Тәуелсіз Қазақстанның символы — Астананың 20 жылдығын атап өтетіндігін айтты. «Ағымдағы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы және оған Ресейден әріптестерімізді күтеміз. Бірқатар бірілескен ірі жоба Мәскеу, Санкт-Петербург және Астана қалаларында ұйымдастырылды»,- деді Мемлекеттік хатшы. Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы стратегиялық серіктес және одақтас ретіндегі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолында Қазақстандағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинге зор табыс тіледі.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті