jasqazaq.kz

Қазақстан Ауғанстанда болған терактілерді айыптады

24 сәуiр 2018, 17:08

ҚР Сыртқы істер министрлігі 2018 жылы 21-22 сәуірде Ауғанстанда болған террористік актілерге байланысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан 2018 жылы 21-22 сәуірде Ауғанстанда бейбіт адамдардың өмірін қиған террористік актілерді қатаң түрде айыптайды», — деп жазылған ҚР СІМ мәлімдемесінде. Сондай-ақ, онда ауған халқы халықаралық аренадағы лаңкестік әрекеттерге кезекті рет қарсы тұрғаны айтылған. «Лаңкестердің мақсаты — Ауғанстандағы сайлау қарсаңында жағдайды тұрақсыздандыру. Халықаралық террористік ұйымдардың әскерлері Кабул елінің ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігеріне кедергі жасай алмайтындығына біз сенімдіміз», — делінген хабарламада. Одан бөлек, мәлімдемеде Қазақстан терроризмнің барлық түрін айыптайтыны және әлемдік қоғамдастықтың осы зұлымдыққа қарсы күресін қолдайтыны жазылған. «Біз осындай адамгершілікке жатпайтын әрекеттердің ұйымдастырушылары мен қолдаушылары анықталып, қатаң жазалануы тиіс деп есептейміз. Ауғанстан халқына және үкіметіне және зардап шеккендердің туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», — деп мәлімдеді ҚР СІМ.

ҚазАқпарат

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті