jasqazaq.kz

Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келмейді

23 мамыр 2018, 17:53


Айдана есімді қазақ қызы эфирге шығып, қазақ жігіттеріне не себепті тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты.

Stan.kz хабарлағандай, “Менің қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келмейді. Қазақ жігіттері дөрекі, қызды сыйлауды білмейтін, өз басын ғана ойлайтын адамдар. “Үйленгенше жаным дейді, үйленген соң жаныңды жейді” деген сөз нақ соларға айтылған. Басқа ұлттың азаматтары секілді әйел затын сыйлауды білмейді”, – дейді ол Евразия арнасының “Әйел сыры” бағдарламасында.
Айдана қазақ жігіттерінен не себепті көңілі қалғанын өз басынан өткен оқиғамен байланыстырды.
“Қазақтың бір жігітімен кездесіп жүрдім. Кейін үйленетін болғанда өзгере бастады. Үйде отырасың, бала қарайсың деген әңгімелер айтты. Қазақ әйелдері көбіне өзін ойламайды. Балалары үшін өз бақытын ойламайды. Бастысы күйеуім асырап отыр деп, сүймеген жанмен өмірін өткізеді. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан мен мұсылман азаматына, болмаса араб, түрік не кәріс жігіттерге тұрмысқа шыққым келеді”, – дейді Айдана.
Оған актер Әсет Иманғалиев қарсы пікір айтты. «Сен қазақ жігіттерін дөрекі, әйелді сыйламайды деп сынап отырсың. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққым келеді дейсің. Олар біздің елде қазақ қыздардың қолын сүйіп, құрмет көрсетіп жүр. Ертең қазақ қызына үйленіп алған соң немесе өз еліне барған соң саған солай қарайды деп ойлайсың ба? Қазақтың қызын алдым деп аяғыңызды көтеріп ұстап тұрады дегенге сенесіз бе?”, – дейді актер.
Бағдарлама жүргізушісі Жеңіс Ысқақова ханым қазір қыздардың да, жігіттердің де өте талғампаз болып кеткенін айтып қалды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен