jasqazaq.kz

Қазақ жігіт: «Кәріске ұқсамағаныма өкінемін…»

19 наурыз 2018, 11:39

Оңтүстік Кореяға барып жұмыс жасап, көп ақшаға кенелімін деп армандап, бірақ әлдеқандай себептермен шекарадан өте алмай қалған отандасымыз кәріс ұлтына ұқсамағаны үшін өкінген.

Досы Кореяға барып табыс табуды жоспарлаған. Алайда тиісті құжаттарын рәсімдегенімен, шекарадан досы өтіп кеткен де, ол өте алмай қалған.

Бұл жайлы Otyrar.kz хабарлайды.

«Жолдасым кәріс ұлтына ұқсайтын еді, мені неге екенін білмеймін өткізбей қойды, мүмкін кәріске ұқсамағандығымнан болар…», – деп өкінеді ол.

Бүгінде жастар арасында Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істеу «сәнге» айналды. Жастардан бөлек, егде жастағылар да аталған елді жұмақ санап, мүмкіндігі болса кетіп қалғысы бар. Рас, аталған елге барып жұмыс істеп, тұрмысын түзеп алғандар жетклікті. Олардың аузын ашып, көзін жұмып әңгімелегендегі бар шындық онда адам еңбегінің құны бар екендігі. Еңбек күшін бағалайтындығы. Тәулігіне емес, сағатына ақы төленетіндігі.

Әйтседе ең басты кедергі шекарадан өту. Бүгінде шекарадан өткізуге делдалдық жасауды жолға қойып алғандар дап бар көрінеді. Ондағы менталитет, мәдениет, Оңтүсік Кореяның өркениеттің ең жоғарғы сатысына көтерілгендігін аузының суы құрып әңгімелейтіндер де жоқ емес.

Ол елде айына 2 мың долларға дейін табыс табатындар баршылық екен. Осыншама ақша тауып үйреніп қалғандар әрине мұнда келіп 40-50 мың теңгені місе тұтпасы анық.

Былтыр оңтүстік өңірдегі орташа айлық жалақы деңгейі 108 989 теңге деп көрсетілді. Бұл орташа бағам. Елдің көпшілігі мұндай жалақыны арман санайды. 30-40 мың теңгеге күн көріп отырған отбасылар бар. Сондықтан да әрине 600-700 мың теңгені кім тапқысы келмейді дерсіз?!

Былтыр желтоқсан айында ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, елімізден Оңтүстік Кореяға 6 500 адам заңсыз жолмен жұмыс істеуге аттаныпты.

«2017 жылдың ортасына дейін елімізден Оңтүстік Кореяға 5 500 адам заңсыз жолмен барған. Жыл соңына дейін аталған көрсеткіш 6 500-ден асты. Яғни, ол жақтағы заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт артты.Оңтүстік Кореяның мәліметіне сәйкес онда қазір қара риэлторлар тобы бар. Олар қазақстандықтарды жинап, Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Оларда ешқандай еңбек келісімшарты да, медициналық сақтандыру да болмайды»,- деген болатын.

Бұл жағдай Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты визасыз режим енгізгеннен кейін тіпті ушыға түскен. Араларында тіпті қылмыс жасап, қаңғыбас болып кеткендері де бар көрінеді.

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен