jasqazaq.kz

«Қазақ аруы-2019» анықталды

21 наурыз 2019, 11:00

Астанада «Қазақ аруы — 2019» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл турал «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Бәсекеге 600-ден аса бойжеткен қатысуға ниет танытқан. Олардың тек 18-і іріктеп алынып, соңғы сынға жолдама алды. «Қазақ аруы» байқауы биыл 9-ыншы жыл ұйымдастырылды. Сәйкесінше, қатысушылар арасындағы бәсекеде де жоғары болды. Ұйымдастырушылар да талапты күшейте түскен. «Жыл сайынғы талап бұл — қыз баланың сыртқы сұлулығы ғана емес, ішкі жан-дүниесінің бай болуы. Қазақ елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білу және ең бастысы қазақ тілін жетік білу», — деді қазылар алқасының мүшесі Арман Сейітмамыт. Бұған қоса, қыздардың бойы 170 сантиметрден кем емес, ал жасы 22-ден жоғары болмауы тиіс. 18 ару шешуші сында 4 кезең бойынша өнер көрсетіп, жыл үздігін анықтады. Нәтижесінде, «Алтын тәж» Павлодар облысының намысын қорғаған Сәния Темірxановаға бұйырды. Ол шығармашылық кезеңде Абай өлеңдерін жатқа оқып, сұлулық пен парасаттылықтың жарқын үлгісін көрсетті. «Қазақ аруы» деген атаққа лайықты қыздың ақылы көркіне сай болуы керек. Біз осыған байланысты талаптарды күшейттік. Кейін сол арудың басқаларға үлгі болғанын қалаймыз», — дейді байқаудың бас продюсері Баян Алагөзова.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен