jasqazaq.kz

Қауіпті ойыншықтар

16 мамыр 2018, 11:14

Астанадағы балалар батутқа басылып қала жаздап жатқанда, шығыстағылар ойыншыққа уланып қала ма деген қауіп бар. Мұндай дабылды Өскемендегі қоғамдық денсаулық сақтау мекемесінің мамандары қағып отыр. Өйткені, олар облыс аумағында сатылып жатқан ойыншықтарға тексеру жүргізіп көрген. Ал, ең сорақысы, сол сатылымдағы ойыншықтардың жартысынан көбі баланың өміріне зиянды болып шықты.

Ойыншықтардың қауіпсіздігін нақты білу үшін құзырлы орган қызметкерлері төрт ай бойы тексеру жүргізген. Тек облыс орталығы Өскемен қаласындағы емес, аудан мен қалаларда орналасқан дүкен сөрелеріндегілерін алып, арнайы сараптама жасапты. Нәтижесінде алынған ойыншықтардың жартысынан көбі жарамсыз деп танылған. Мәселен, жас бүлдіршін үшін жиі ойнайтын мынадай жұмсақтары тіпті қауіпті екен.

Суретте резеңке ойыншықтар. Атауы: Xiu mei toys. Ойыншық иісінің 2 ұпай болуы қажет концентрациясы 3-ке тең. Кадмийдің деңгейі де екі есе артық. Ол негізінен уыттылық көрсеткіші жағынан 0,001 мг/л болуы қажет. Ал формальдегид құрамының екі жарым есеге дейін көптігі анықталған.

ЖАНАРГҮЛ ҚАШҚЫНБАЕВА, ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:

– Формальдегидтен иісінің несінен баланың лоқсуы, бас айналуы немесе құсуы болады. Аллергия тудыруы мүмкін. Ол сондай зиян тудырады организміне. Ондай ойыншықтарды сатып алмау керек ата-аналар.

Арнайы мамандар ойыншықтардың қайда жасалғанына да мән беру керек дейді.

– Мысалы өндірушінің орналасқан мекен-жайы, атауы, ойыншықтарды өңдеу тәсілі, жарамдылық мерзімі және балалардың жасына қарай шектеу көрсетілмеген. Сонымен қатар, ақпараттар мемлекеттік тілде мүлдем жазылмаған.

Қазір бұл тексерулерден кейінгі белгілі болған зиянды ойыншықтар саудадан алынып, жойылуда. Бірақ шет елден әкелініп жатқандарына әлі толық шектеу қоюға мүмкіндік жоқ. Мұндағылар мезгіл сайын бақылап, анықталғандармен алысуға ғана мәжбүр. Тек сіз балаңызды ойнатып, тіпті ойлау қабілетін арттырамын деп жүргенде, ойыншықтар опық жегізіп жүрмесін!

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен