jasqazaq.kz

Қасқырдың орнына адамды атып жіберген

12 сәуiр 2018, 19:48

Атыраулық азамат аңдаусызда қасқыр орнына адам атып алған. 

Nur.kz  хабарлағандай, облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болған. Тұрғын өзінің қасына жолдасын ертіп, 12-ші калибрлы МР-155 маркалы тегіс ұңғылы қаруымен аң аулауға шыққан. Сөйтіп, Махамбет ауданы бағытына қарай қаладан 20 шақырым жердегі тоғайлы аумаққа барған.
Жоспарланған жерге келіп, ағаштың саясына орналасқан азамат алыстан қасқырға ұқсайтын екі бейнені көреді. Алайда, олардың қасқыр екеніне анық көз жеткізбей, қаруымен атып жіберген.
Осы сәтте ер адамның айғайлаған даусын естіп, өзінің қателескенін сезген. Аң деп атқаны, адам болып шығыпты. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.
Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 114-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды және пробациялық бақылау белгіленді.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды