jasqazaq.kz

Қаскелең мектеп-интернатында дау шықты

02 наурыз 2018, 10:27

Алматы облысында ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиешісінің басы дауға қалды, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

10 жастағы мектеп оқушысының әкесі өз баласын бір бөлмеде бірі жартылай жалаңаш болған екі әйелмен жатқан жерінен ұстап алған, екінші әйелдің бұл білім беру мекемесіне еш қатысы да жоқ болып шықты.

Баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқанов бұл оқиғаны әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде жариялады. «№6 бөлменің есігін ашып қалған едім, қорқып қалған баламды, оның жанындағы төсекте беліне дейін жалаңаш Бақыт деген тәрбиеші әйел мен мектепке еш қатысы жоқ тағы бір әйелді көрдім», — дейді ол. Оқиғаны Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері біліп, қызметтік тексеріс бастап кетті. «Бұл оқиға жайлы прокуратура өкілдері хабарлады, олар бізге хат жолдапты. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, соған байланысты шаралар қабылданады. Әзірше мән-жайды айта алмаймыз, себебі жұмыс әлі аяқталмады», — деді облыстық шенеуніктер.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді