jasqazaq.kz

Қашқын сарбаз табылды

31 қантар 2018, 22:52

Жамбыл облысындағы 21/450 әскери бөлімінен жоғалған сарбаз Алматыдан табылды. Қазір ол Отардағы Гвардейский гарнизонына жеткізіліп тергелуде. Бірақ жауынгерге қатысты ақпарат әзірге толық айтылмай жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бүгін қуанышты хабарды естіп, Жанболат Бозбановтың Атыраудан Отарға дереу жеткен туыстары онымен жолығып шықты. Жауынгерді көріп, көзайым болған жақындары да оның не үшін қашып кеткенін айтқысы келмеді. Тіпті әскерилерге тағар кінәміз жоқ деп отыр. Естеріңізге салсақ, осыдан бір жарым апта бұрын атыраулық 19 жастағы жігіт Қордайдағы әскери бөлімнен қашып кеткен. Туыстары оның осындай қадамға баруына қаруластарынан көрген қысым себеп деп топшылаған еді. Бірақ әскери бөлім басшылығы бұл пікірді жоққа шығарған болатын. Енді тіпті сарбаздың гарнизоннан безіп кетуіне нақты не түрткі болғаны сол күйі айтылмай қалатын тәрізді. Өйткені әскери тергеу басқармасындағылардың өзі толық мағлұмат бермей жатыр.

Бүгін, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті