jasqazaq.kz

Қарыз азаймаса, көбеймеу керек

09 ақпан 2018, 12:54

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа аталған бағыттағы жұмыстарды бақылауға алуды жүктеді. «Мемлекеттік қарызды бір деңгейде ұстау керек. Осы бағыттағы жағдайды қадағалап. Қарызды ұлғайтпай, керісінше оны кемітудің қадамдарын Үкіметің табысымен орайластырып отыру қажет. Әртүрлі жағдайлар болады, сондықтан қажетті мүмкіндіктер болуы шарт. Кейінгі кезде құрылысқа, жолдарға біраз көбірек алып жібердік», — деді Елбасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен ел Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр. Отырыс барысында Үкімет басшысының, бірқатар министрлердің, облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

 

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады