Қарапайым сауалға – солқылдақ жауап

19 ақпан 2021, 10:56

Үкіметтің экономикалық блогы «Ойын бизнесі туралы» Заңның жаңа жобасынан бірауыздан бас тартады. Мұны бірінші болып Ұлттық банк бастады. Енді қаржы және ұлттық экономика министрліктері де бұл мәселе жайында бәрін алдын ала білгенін, әйтсе де, экономиканың осы саласының жойылуына кедергі келтіргісі келмегенін мәлімдеді.

«Егіз жауап»

«Caravan» редакциясы жауап алғысы келген сұрақтар қандай қарапайым болса, жауабы да оңай көрінеді. Олар мынадай сарында: Заңдағы өзгерістермен байланысты бюджет табысы қандай? Әлде ол ұтыла ма? Ұтысқа ақшалай бәс тігетін әуесқойлардан түсетін салық көлемі қандай? Заң жобасын әзірлеуге қаржы министрлігінің экономистері мен ұлттық экономика министрлігінің қаржыгерлері қатысты ма? Олардың пікірі қандай?

Жауап алдымен қаржы министрлігінен келді. Оны бұрынғы білгендерімізбен салыстыру тіпті қызық болды. Министрлік бұл жобадан түбегейлі бас тартып отыр екен. Қаржы министрлігі «түсініксіз» букмекерлік кеңселермен бас қатыруды қажетсінбейді.

Іле-шала ұлттық экономика министрлігінен де жауап келді. Ол да бізді таң-тамаша қалдырды. Хаттың жартысынан көбі, үтір, нүктесіне дейін, қаржы министрлігінің жауабын қайталаған. Бұл нені білдіреді? Енді осыны анықтайық.

Мәдениет және спорт министрлігі қалайша букмекерлік кеңселердің үйлестірушісі болды? Әдетте лицензияланған қызметті қаржы министрлігі бақыламай ма?

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орган – Мәдениет және спорт министрлігі», – деп жауап берді бізге ұлттық экономика вице-министрі Мейіржан Юсупов.
Ұлттық экономика министрлігі «үйлестіруші орган ретінде» «Ойын бизнесі туралы» Заңға түзетулер әзірлеуге қатысты. Сөйтіп олар қаржы министрлігінің жауабын толығымен дерлік қайталайды: «Мұндай заң жобаларын қарау кезінде … біздің министрліктің өкілдері оларды қарау үшін жұмыс топтарына енгізіледі».

Өзгермейтін үштік

«Жобадағы өзгерістер қаржы министрлігі және ұлттық экономика министрлігімен келісілмеген» деуге келмейді. Қос мекеме де өз қызметкерлерінің жұмыс тобына қатысқанын алға тартады. Бірақ жұмыс тобындағы бұл мамандардың сөзі ескерілді ме? Бұл енді басқа мәселе. Былтырғы жылдың көктемінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заңға енгізілетін түзетулердің жобасын ұсынғанда, оның жанында қаржы министрлігінен де, ұлттық экономика министрлігінен де мамандар болған жоқ. Ол барлық сұрақтарға жалғыз өзі жауап берді. Сонда ұлттық экономика министрлігінің сарапшылары қайда болды екен? Сайып келгенде, депутаттарды алдымен экономикалық мәселелер қызықтыруы керек. Өйткені шенеуніктердің көрсеткіші көбіне дұрыс шықпайтынын білеміз.

Ұлттық экономика министрлігі өзін былайша ақтап алуға тырысатын сияқты: «Біз жұмыс істедік, бірақ бұл мәселеге мәдениет және спорт министрлігі жауапты және осылай болды» дегендей.
Егер бұл принципті мәселе болса, Ақтоты Рахматуллақызының жанында ең болмағанда бір вице-министр болар еді. Немесе екеуі бірдей. Қаржы және ұлттық экономика министрлігінен. Әрі олар депутаттардың бүкіл ұсынысын тойтаратын еді. Себебі күресуге тұратын нәрсе бар. Мәжіліс ақырында мәдениет министрлігінен тағы үш ойын аймағын құру құқығын жеңіп алды. Министрлік Каспий жағалауында, Қорғаста және Алматыдан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбұлақ ауылында ойын орталықтарын құрғысы келді.

Министрдің дәйегі де қарапайым болып көрінеді: «Біздің алдымызда туристік қызметті кеңейту және халықаралық деңгейдегі жаңа туристік кластерлер құру міндеті тұрғандықтан, бұл аймақтар инвесторларды тарта отырып, жаңа халықаралық кластерлер құруға үлес қосады деп болжанып еді. Сонымен қатар, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды көздедік».

Оған қоса, Ақтоты Райымқұлова ханым азаматтардың денсаулығына қатты алаңдайды: «Бұрынғы ойын аймақтарында біз халықтың экономикалық белсенді бөлігінің құмар ойындарға тартылу деңгейі өте жоғары болғанын байқаймыз».

Дәрменсіздік

Үкіметтің экономикалық блогы өзін осындай шым-шытырық тілектерден арашалап алды. Барлығы алдын ала шешілген сияқты. Құмар ойын аймақтарын құруға рұқсат етілмейді. Онда тым құрығанда букмекерлік кеңселердің салығын алайық дейтіндей.

Бұл, әсіресе, ұлттық экономика министрлігінің келесі жауабынан айқын көрінеді. «Министрлік салықтың азаю қаупін көріп отыр ма» деген сұраққа Мейіржан Бахитұлы: «министрлік мұны әлі білмейді» деп жауап берді. Салық бойынша қалыпты статистика үш жылға ғана қолжетімді – 2017, 2018 және 2019 жылдар. Бірақ 2020 жылға қатысты ақпарат жоқ. Өйткені былтырдан бері «ойын бизнесі субъектілері корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады, олар декларациясын осы жылдың наурыз айында тапсырады».

Демек экономиканың осы саласына заңның әсері туралы нақты дерек жоқ. Болған күннің өзінде оған сене алмайсың. Өйткені букмекерлік кеңселердің корпоративтік табыс салығын төлеушілер ретінде ауысуымен бір уақытта мәдениет министрлігі осы саладағы барлық статистиканы барынша бұрмалайтын Ставкаларды есептеу орталығын (ЦУС) құруда. Осылайша, ұлттық экономика министрлігі шынымен де Қазақстанда ставкалардың көлеңкелі нарығы қарқынды жүріп жатқанын мойындайды және қаржы министрлігі оны ешқандай жолмен басқара алмайды. Сонда бұлар өзінің дәрменсіздігін мойындай ма?

Олардың жауабын былай да түсінуге болады: «Біз мұның көлеңкелі сектор екенін көріп отырмыз. Бірақ біз сізге оны сыйға береміз. Сіздің мүддеңіз үшін біз тіпті ставкалар нарығында қанша ақша айналып жатқанын және бюджеттің қандай үлеске жүгінуі керектігін көрсететін мәліметтерді жауып тастаймыз».

4 пайыз көп пе, аз ба?

Ставкаларды есептеу орталығы (ЦУС) неліктен 4 пайыздық комиссия белгіледі? Бұл көрсеткіш солқылдақ. Былай қарасаң, соншалықты көп емес сияқты. Ал егер оны бүкіл нарыққа шаққанда, онда өте үлкен сома шыға келеді: 8-ден 24 миллиардқа дейін.

Еске түсірсек, біздің еліміздегі реформалармен бір уақытта Ресей де казино мен букмекерлік кеңселердің көлеңкелі нарығына қарсы күресті бастады.

Ондағы нарық әлдеқайда үлкен, сондықтан қаржы айналымы да қомақты. Көрші елдің үкіметі бәрін де ақылмен ойластырып, ойын шарттарын өзгертіп отырады. Қазірдің өзінде онда екі бірдей Ставкаларды есептеу орталығы – Интерактивті ставкалардың аударымдарын есептеу орталықтары (АТО) жұмыс істейді. Олардың деректерін талдау кімнің, қанша сома қаржы салатынын, ақшаның қалай және қайда айналып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Ал өткен жылы Мемлекеттік Дума «Ойын бизнесінің бірыңғай операторын» құру туралы заң қабылдады. Айтпақшы, оның құрылтайшысы қаржы министрлігі болды!

Қаңтарда оператор жұмыс істей бастады және «қара букмекерлерге» ақша аударымдарының барлық заңсыз арналарын тез арада жауып тастады және дұрыс жасады. Заңсыз пайда табушылар жауап ретінде не ойлап тапты? Олар ставкаларды қолма-қол қабылдай бастады. Ең алдымен, сенімді және ең ірі клиенттерінен. Шенеуніктер, ірі компаниялардың басшылары, оның ішінде мемлекеттік компаниялар және кәсіпкерлер VIP қызмет қабылдауға көшті. Қызмет қарапайым: курьер клиентке келіп, қолма-қол ақшаны алып, тарифті кеңсеге бірден растайды. VIP қызметі үшін «қара букмекерлер» ставканың тура 4 пайызын алады. Еліміздегі шенеуніктер де Ресейдегі қылмыскерлермен бірдей форматта ойлана ма? Мен бәрі мұншалықты жаман емес екеніне сенгім келеді. Бірақ фактілер басқаша сөйлейді.

Бәрі де тамаша

Мұнда маңызды тағы бір мәселе бар. Мәдениет және спорт министрлігі бәс тігу қызметінің жағымсыз бейнесін қалыптастыру науқанын өркениетті түрде атқарып жатқан жоқ. Ештеңе түсінбейтін құмар ойыншылар, бұзылған отбасылар, қара базар шонжарлары. Ал Ресейде мұндай нәрсе жоқ. Қаржы министрлігі міндеттерді белгілейді және оны біртіндеп шешуде. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне қаржылай қолдау жасайды. Неліктен бұлай?

Егер біз жоғарыда келтірілген барлық деректерді салыстырсақ, онда еліміздегі осы іс-әрекеттің бастамашысы шешетін міндеттер тізбегі пайда болады. Спорт ставкаларына тәуелді адамдар туралы ақпарат алу маңызды. Бұл олардың кіріс көздерін түсінуге көмектеседі.

Қаржы министрлігі Бәс тігуді есептеу орталығы дегенді қалай түсіндіреді?

«Бұл букмекерлік кеңсенің аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол және қолма-қол емес төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы». Әрі қарай: «Ақпаратты қабылдау, тіркеу және сақтау, сондай-ақ оны үшінші тұлғаларға беру ережелерін … уәкілетті орган белгілейді». Қандай адамдар? Қандай орган? Қазақстанда тұтынушылардың мәліметтер базасы әрдайым жабық болады дегенге сенесіз бе? Мемлекеттік органдардың ақпаратына қатысты кейбір ірі оқиғалардан кейін бұған сену қиын.
Сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің жағымсыз бейнесі қалыптасуда. Біз екі факторды алып тастаймыз. Енді бәс тігуші жанкүйерлерге қысым жасайтын құрал бар.

Талап Тілеген

22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде