jasqazaq.kz

Қарапайым отандастарымыз әлеуметтік бейнероликтің кейіпкері

04 наурыз 2018, 17:31

1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында «Жеңістерге бірге жетейік» атты әлеуметік бейнеролик жарыққа шықты. Роликтің кейіпкерлері өз ісіне берілген қарапайым азаматтар.

Жанар Рамазанова Астана қаласының отбасылық аула клубтарына келетін балаларға музыка сабағынан дәріс береді. «Музыка адам жанын емдейді, тәрбиелейді, өмірдегі жақсылыққа сеніп, алға қарай талпынуға мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда мен балаларға музыка үйретемін, олар мені өмірге үретеді», — дейді Жанар.

Жас өнертапқыш Санжар Пернебаев қоқыс жәшіктерінің жүктелу дәрежесін қадағалайтын жүйені ойлап тапқан. Қазір ол ғаламдық жаңалық ашуды армандайды. «Болашақта бүкіл әлемге пайдалы болатын жоба ойлап тапқым келеді. Мен қоғамның дамуына өз үлесімді қосқым келеді және бұның қолымнан келетіндігіне сенемін», — деп өз ойын айтты Санжар.

Бос уақытының барлығын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуге арнаған – Андрей Пархоменко – волонтерлікті әлемге деген жаңа көз қарас деп бағалайды. «Ардагерлерге келіп жай ғана әңгімелесудің өзі олар үшін өте қымбат. Кейде ардагерлерге келіп, азық-түлік әкелген кезде олар бізден: «Ал бүгін қандай мереке?», — деп сұрайды. Сол кезде бізге ешқандай мерекенің жоқ екенін түсіндіру өте қиын», — дейді.

Айнұр Нұрхожаева – Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуді өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған дәрігер. Айнұрдың айтуынша, баланың ең бірінші рет диагнозын естіген кезде, ата-ананың қасында ең жақын жанашыр адамы болу керек. «Мен әрдайым балаларға көмектесуге тырысамын және осы бағытта мүмкіндіктер мен даму жолдарын іздестіремін», — дейді дәрігер.

Бейнероликтегі кейіпкерлер өз ісін сүйетін және таңдаған бағытында нық жүретін шынайы қалпында көрсетілген. Әр оқиғаның артында көмек пен қолдау алған мыңдаған тағдырдың көрінісі бар. Ол мұғалім мен оқушы, дәрігер мен ата-ана, және біздің қымбатты ардагерлеріміз.

Қорытындылай келгенде бұл кейімкерлердің мінезін ашатын, олардың мақсатын көрсететін деректі фильм. Олар әртүрлі болғанымен, барлығын қоғам мен елге пайдалы болу ниеті ортақтастырады.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен