jasqazaq.kz

Қарақат Әбілдина: Төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім

10 сәуiр 2018, 11:12


Танымал қазақ әншіні өзін 19 жасында той төріне шығарып, құрмет көрсеткен Заманбек Нұрқаділов туралы естелік айтып, елді жылатты. Айтуынша, өнер адамдарын үнемі қолдап жүретін ел ағасы оны баласынбай, керісінше сыйластықпен қараған. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Nur.kz хабарлағандай, Заманбек Нұрқаділов пен Мақпалдың жалғыз қызы Мерейдің тұсаукесерінде қонақ болған Қарақат 19-ақ жаста болса да, ел ағасы оны құтты қонақтай сыйлап, төрге отырғызған.
«Жігіттің төресі деген атаққа лайықты нағыз азаматтың бірі Заманбек ағамыз еді ғой… Әлі ел тани қоймаған балаң кезімнің өзінде жас деп жабырқатпай арқамыздан қағып дем беріп жүретін. Небәрі 19 жастағы студент кезімде «Мерей құлыншаққа арналған үлкен тойдың қонағы болыңыз» деген шақырту алдым.Тойда ел танитын, атағынан ат үркетін қайраткерлер көп-ақ болды, сонда бізді баласынбай төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім», — деп есіне алды әнші.
«Басшылық қызметте тұрғанда Зәкеңнің шапағатын көрмеген өнер қайраткерлері кемде кем шығар. Аға деп барған адамның бетін қайтармайтын беттілігі, дана деп барған адамнан ақылын аямайтын тектілігі бір төбе еді. Кейбір ел ағасы деп жүрген кісілердің сәл көтерілсе атын ұмытып қалатын кісілігін көргенде «қайран, Заманбек ағам-ай» деп бір күрсініп қоясың. Жатқан жерің жаннат болсын заңғар аға!», — деп жазды ол.
Әншінің бұл жазбасын оқыған оқырмандар да көзіне жас алғанын жарыса жазды.

«Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі..» Жігіттің төресі деген атаққа лайықты нағыз азаматтың бірі Заманбек ағамыз еді ғой… Әлі ел тани қоймаған балаң кезімнің өзінде жас деп жабырқатпай арқамыздан қағып дем беріп жүретін.. Небәрі 19 жастағы студент кезімде «Мерей құлыншаққа арналған үлкен тойдың қонағы болыңыз» деген шақырту алдым.. Тойда ел танитын, атағынан ат үркетін қайраткерлер көп-ақ болды, сонда бізді баласынбай төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім.. Кейін Қыдыр екеуміз қосылғанда шаңырағымыздың құрметті қонағы болып отырып «Қыдыр сен Қарақатты ошақтың басына байламай жарқыратып саxнаның төріне шығар, Мақпал апасы сияқты xалқына еңбет етсін, өнерде жүрген қыздар тек аялауға лайықты» деп шегелеп айтып еді.. Сол бір жылы сөз біздің жадымызда өмір бойы сақталып қалыпты.. Басшылық қызметте тұрғанда Зәкеңнің шапағатын көрмеген өнер қайраткерлері кемде кем шығар.. Аға деп барған адамның бетін қайтармайтын беттілігі, дана деп барған адамнан ақылын аямайтын тектілігі бір төбе еді.. Кейбір ел ағасы деп жүрген кісілердің сәл көтерілсе атын ұмытып қалатын кісілігін көргенде «қайран Заманбек ағам-ай» деп бір күрсініп қоясың.. Жатқан жерің жаннат болсын заңғар аға..! Ал,@zhunusova.makpal апайымның мен үшін әншілігі бір төбе,адамгершілігі бір төбе… Жақсы көрем жақсы адамдар жасасын!😘💐 #архив#тариxисәт

Публикация от @ karakat_a

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды