jasqazaq.kz

Қарағандыда ішіп алып көлік жүргізген әкім ұсталды

28 қантар 2018, 18:49

Мас күйде көлік жүргізгені үшін Ақтоғай ауданындағы Кежек ауылдық округінің әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Шенеунік Мейірхан Мәкенбаев ішімдік ішіп алып өзінің қызметтік «Нива» көлігінің руліне отырған. Оны жол полициясы Ақтоғай ауданындағы Жалаңаш ауылының жанында тоқтатады. Тәртіп бұзушылық жағдайының қалай болғанын әдеп жөніндегі кеңес отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Дәурен Оразбаев айтып берді. Оның сөзінше, шенунікте жүргізу куәлігі де болмаған, арнайы сараптама оның ішкенін көрсеткен. «Кежек ауылдық округінің әкіміне қатысты материал Әдеп кеңесінің қарауына жіберілді», — деді Дәурен Оразбаев. Әдеп кеңесінің мүшелері әріптестерінің бұл әрекетін айпытады. Кеңес төрағасы Жандос Сәрсенов кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, ауыл әкімін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті