jasqazaq.kz

Қарағандыда ер адам жалға пәтер алып, онда есірткі өсірген

17 қантар 2025, 12:07

Қарағандыда жалға пәтер алып, онда есірткі өсірген ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, ер адам жалға алған пәтерінде қарасора өсіретін жылыжай жабдықтаған.

«Абай аудандық полициясының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне ауданның 23 жастағы тұрғыны өз пәтерінде қарасора өсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері хабарламаны тексеру кезінде жас жігіт өзінің қондырғысын көрсетті.

Ол ескі тоңазытқыштың ішіне қажетті жарықтандыру орнатқан осындай жасанды инкубаторда төрт қарасора түпі өсіп шыққан.

Полиция өсімдіктермен бірге «кулибиннің» құрал-жабдықтарын тәркіледі», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет