jasqazaq.kz

Қарағандыда балабақшадан өрт шықты

18 мамыр 2018, 16:52

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен әкімшілігі балабақшадан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілер келгенге дейін 129 баланы эвакуациялады.

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, өрт аумағы — 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. «Өрттің жалпы аумағы — 5 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 адам мен 25 дана техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Балабақша өкілдері балалардың эвакуацияланғаны жайлы мәліметті растады. «Дарынды бала» балабақшасының жетекшісі Айнагүл Хамитованың айтуынша, өрт балалар отыратын жерде емес, бассейн маңында болған. «Балабақшада бассейн бар. Қасында сауна бар. Біздің тәрбиешілер сауна жақта түтін шыққанын көріп, бірден әрекет ете бастады. Олар нақты ненің өртеніп жатқанын анықтамай, бірден 129 баланы эвакуациялай бастады. Бүгін балабақша жұмыс істеп жатқан жоқ. Жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Өрттің себебін әзірше білмейміз. Анықтайтын боламыз», — деді балабақша жетекшісі Айнагүл Хамитова. Сондай-ақ, оның айтуынша, балабақша 2016 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Өрт қауіпсіздігі бойынша тексерістен соңғы рет сол жылы өткен.

 

tengrinews.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен