Қарағанды облысында төртем дүниеге келді. Сәбилер перзентханадан ертең шығады.
Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ертең 25 мамыр күні сағат 11:00-де Қарағанды облыстық перинатальдық орталығы перзентханасынан төртем мен олардың анасы шығады. Әйелдің толғағы ауыр өтті. Дегенмен, қазір анасы мен балалардың денсаулығы жақсы», — деп жазылған хабарламада.