jasqazaq.kz

Қарағанды облысында екі жетім баланы кім азаптады?

23 сәуiр 2018, 16:57

Қарағанды облысында екі баланы азаптағандар тексеріліп жатыр. Көршілері мен мұғалімдер апала-сіңлілі қыздарды өгей шешесі азаптаған болуы мүмкін екенін айтады. 
Stan.kz хабарлағандай, ал, өгей шешесі балаларды мектептегілердің ұратынын айтуда. Денесінде сыныптастарының ұрған іздері барын айтады.
6 және 7 жастағы қыз балалар мен олардың 4 жастағы інісін асырап алған. Алайда оларды жақында бейімдеу орталығына қайта әкелді. Көршілері балаларға өгей шешесінің күн көсетпейтінін айтып бақты. Айтуынша, тек кіші балаға тиіспейді екен.
«Біз дәл қабырғамыз бір көршілеріміз. Бәрін естіп, біліп жатамыз. Анасы қолына түскен, таяқ, оқтау, тоқ сымы секілді заттармен ұрады. Оның айқай шуынан менің де балаларым көз іле алмайды. Жетімдерді аяп кеттік. Сосын полицияға хабарластық», – дейді Айымгүл Асауова.


«Менің тобымда қыздары да, баласы да болды. Анасы балаларын мектепте ұрып-соқты деп отыр. Балалардың денесіндегі көгерген іздерді көріп анасына хабарластым. Ол балаларының өз-өздерімен төбелесетінін айтты. Кейде інісі ұрады екен. Мұндай балалардың бейімдеу орталығынан соң сіңісіп кетуі қиын. Оның үстіне 54 жастағы әйелдің алғаш рет ана болып отырғанын да ескеру керек. Бірақ балаларды осылай ұруы тәрбие емес», – дейді мұғалімі Алтынгүл Мұсаханова.
«Дәл сол сәтте балаларды киіндіріп, мектепке бардым. Директорына барсам «Кешіріңіз, мұғалімі шығып кетіп, сыныпта түсінбестік болған» деді. Қандай түсінбестік болуы мүмкін? Мұғалім не үшін керек? Полициға арызданбаңызшы деп өтінді. Мен арызданған жоқпын», – дейді анасы. Рымбала Ескендірова.
Балаларды әлдекімнің күнделікті ұрып-соққаны байқалып тұр. Кім болса да, оған қатысты іс қозғалады. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Балалар қазір бейімдеу орнында.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті