jasqazaq.kz

Қарағанды облысында аязды әрі боранды түні үш мыңға жуық адам жолда қалды

22 қантар 2025, 9:52

Қарағанды облысындағы жолдардағы боран мен көктайғақ салдарынан Астана мен Алматы бағыттарын қоса алғанда 3 мыңға жуық адам жолда қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, өңірде алты жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

Жабық учаскелерде барлығы 1418 көлік жиналған, оның ішінде:

508 жеңіл көлік,
900 жүк көлігі,
10 автобус.
Бұл көліктерде барлығы 2924 адам бар.

«Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олар ыстық тамақ және ауызсумен қамтамасыз етілуде. Қажет болған жағдайда жылыту және түнейтін орындарға жеткізіледі. Қазіргі уақытта жол бойындағы кафе, мешіттер мен интернаттарға 144 адам орналастырылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс жолдарында 35 автопатруль және 74 полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет