jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев өзінің орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

05 маусым 2018, 15:34


ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарамағындағы вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің үй қамауға алынуы туралы пікір білдірді.
Stan.kz хабарлағандай, «Өз тарапымнан өкініш білдіргім келеді және әлі де қандай да бір түсінбестік орын алды деп үміттенемін. Себебі біз, ұжым, министрлік, және тұтастай еліміздің энергетикасы Бақытжан Мұхамбетқалиұлын білікті және кәсіби энергетик маманы, әріптес ретінде біледі. Және бұл істің тергеу жұмыстары министрліктің ағымдағы жұмысына, ондағы біздің міндеттемелерімізді орындауға әсер етпейді деп үміттенемін»,- деді Қанат Бозымбаев.
Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев Бақытжан Жақсалиев айыпталып жатқан іс Щучинск-Бурабай аймағының көлдерін тазартумен байланысты деп атап өтті. Ал мердігер ұйыммен келісімшарт 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге ведомствода бекітіліп, жылдар бойы жалғасып келген екен.

«Менің түсінуімше, күдік тудырған эпизод 2015 жылға қатысты. Естеріңізге сала кетейін, ол кезде мен мүлдем басқа жерде жұмыс істеп жүрдім. Сондықтан осы эпизод туралы ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Сонымен қатар, құжаттар Ұлттық Бюро тарапынан алынып, тергеу жүргізілуде», – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Бурабайдағы көлді тазарту жұмыстары кезінде жемқорлық жасады деген күдікпен, үй қамағына алынған болатын.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр