jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев бензин бағасына қатысты сынға жауап берді

21 мамыр 2018, 12:10

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанға қарағанда бензин бағасына қай елдерде қымбат екенін айтып берді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Салыстыру үшін 167 елдің арасында мұнай өнімдері бағалары бойынша халықаралық «Global Petrol Prices» агенттігінің рейтингін ұсынғым келеді. Басқа елдерге қарағанда бізде мұнай өнімдерінің құны қымбат деген сөздер жиі естіледі. Бұл ретте тәуелсіз агенттіктің рейтингін көрсеткім келеді. Бензин бағасы бойынша соңынан бастап қарағанда Қазақстан 12-ші орында, ал дизель отыны құны көрсеткішінде 14-ші орында тұр. Яғни 167 елдің арасында бізбен салыстырғанда тек 11 елде бензин арзанырақ, осы орайда Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркменстанда баға төмен. Дизель отыны 13 елде арзан, олар : Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайдан, Түркменстан…», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында. Сонымен қатар Қ.Бозымбаев мұнай өндіретін Сауд Арабиясы, БАӘ, АҚШ, Ресей, Әзербайжан секілді елдерде бензин Қазақстанға қарағанда қымбаттау екенін атап өтті.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен