jasqazaq.kz

“Қалаулымға” қарсы жұлдыздар флешмоб бастады (видео)

03 наурыз 2018, 12:26

Иә, елімізде дәл осындай шу тудырған бағдарлама болған емес! Аталған шоуды күн сайын елімізде 6 миллионнан аса жан, яғни ел халқының тура үштен бір бөлігі тамашалайды екен. Халық жанашырлары “Қалаулымның” қазаққа жат дүние екенін айтып, алты айдан бері дабыл қағып келеді. Алайда оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жуырда Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” басы-қасында жүрген әріптестеріне деген өкпесін жеткізген еді. Ол: “Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?” – деп әріптестеріне деген базынасын айтты.

Бұл орайда бір топ өнер иелері Майғазиевтің жалғыз емес екенін айтып, оны қолдау мақсатында желіде флешмоб бастады. Олардың қатарында Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жаңай, “Өнер қырандары” әзіл-ысқақ театры бар.

“Өте дұрыс айттыңыз, Сәкен аға! Сіз қазақи салт-дәстүріміз бен қанымызға біткен текті тәлім-тәрбиені сақтап қалу мақсатында айтып жатырсыз. Әріптестерімізді де сол бағдарламаға барып, атсалыспауларын және соның рейтингін көтермеулерін сұраймыз”, – дейді “Өнер қырандары” театры.

“Құрметті Сәкен аға, сіз жалғыз емессіз! Мен де сізбен біргемін. Ол бағдарлама бізге керек емес және жастардың санасын улайтын бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Мені әлбетте шақырды, мен бармаймын деп шешім қабылдадым. Әріптестерімді бағдарламаға бармай-ақ қоюларын сұраймын. Қолдайтын жігіттер болса, мархабат”, – дейді Серік Ибрагимов.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен