jasqazaq.kz

Қақаған қыста жылусыз қалды

26 қантар 2018, 22:44

Қытымыр аязда жылусыз қалған! Алматы тұрғындары қаңтардың ең суық күндері тек далада емес, өз үйлерінде де бүрсең қағып жүр. Қала шетінде орналасқан саяжай бірлестігіндегі 200 үйде газ қысымы төмендеп, тіпті, кейбірінде сөніп жатыр. Көгілдір отыннан Алматы облысының тұрғындары да тарығуда. Ал, жылуға жауапты компаниялар аяз сынбайынша, газ қысымының да көтерілмейтінін ашық айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алматының ызғары «Алма» саяжайының тұрғындарына қатты батуда. Күннің күрт суығаны сол екен, мұндағы 200 үй жылудан қағылған. Яғни, көгілдір отын қысымы тым бәсеңдеп кетіпті. Тіпті, кейбірінде мүлдем өшіп қалған. Сондықтан, даладан тоңып келген жұрт, үйлерінде де жылына алмайды. Ең қиыны, тамақ пісіріп жеу дейді өздері.

Қысымы төмен болса да, әр шаңырақ жылу үшін ай сайын 20-30 мыңнан ақша төлейді. Ал, көгілдір отынды қостырарда кемі 400 мыңнан шығынданыпты. Бірақ, соның өзі тым сапасыз. Өйткені, сарышұнақ аяз келе қалса, табиғи газдан тарығу бұлар үшін үйреншікті жағдайға айналған. Мұндай қиындыққа тұрғындар осымен 4 жыл қатарынан тап болып отыр. Алматы облысындағы Қырғауылды ауылында да дәл осындай жағдай.

Гүлзифа Тәуірбаева, Қырғауылды ауылының тұрғыны:

— — Тамақ істей алмаймыз. Үй салқын, үйде кішкентай балалар бар.

Облыстағы температура -35 градусқа дейін жетіп жатқанда, мұндағы 25 үй мүлдем жылусыз отыр. Сөйтсек, бұларға да, қаладағы 200 үйге де жылу тасымалдайтын бір компания екен. Олар мұңын айтып барған халықты ылғи уәдемен шығарып салатын көрінеді.

Алексей Семернинов, Қырғауылды ауылының тұрғыны:

— Жылу тасымалдайтын компанияға барсақ, газдың қаладан осындай төмен қысыммен келіп жатқанын айтады. Сөйтіп, бастықтарымыз мәселені шешуге тырысып жатыр деп сендіреді. Үнемі еститініміз осы.

Ал, бүгін жылуға жауапты компания мәселені қаңтардың қақаған аязымен байланыстырды. Көгілдір отынды кейбір тұрғындар көп тұтынып, өзгелеріне жетпей қалып жатыр екен.

Ирина Пронченко, «Тәуекел-Т» ЖШС заң бөлімінің басшысы:

— Газ қысымының төмендеуіне бір ғана себеп бар. Ол көгілдір отынды жұрттың шамадан тыс тым көп тұтынуы. Біз ауа-райы осылай қатты суытады деп ойламадық. Қазір халықтың бәрін бірдей жылумен қамту үшін қолдан келгенді жасаудамыз.

Десе де, газ тапшылығы күн жылынбай жойылмайтынын ашық айтты. Сондықтан, тұрғындар үйлерін жылытудың өзге жолын қарастыра берсін деп кеңес берді. Ал, қолданбаған газ үшін ешкім артық ақша төлемейді екен.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті