jasqazaq.kz

Қайын атасына ғашық болған әйелдің әңгімесі

15 мамыр 2018, 9:59


23 жасында шынайы махаббатымды таптым деп тұрмысқа шыққан бойжеткен ойының қате болғанын біраз уақыт өткен соң білген. Бала көтере алмағандықтан, күйеуімен арада орын алған келіспеушіліктер келін мен қайын атасын қатты жақындастыра түскен. 
Nur.kz хабарлағандай, өмірлік серігімді таптым деп тұрмысқа шыққан бойжеткен өзінің таңдауында қателескенін отбасылы өмірдің алғашқы жылы-ақ түсінеді. Екі жарым жыл бойы бала көтере алмай жүрген ол отағасы тарапынан үнемі жағымсыз сөздер естіп жүрген.
Алайда отбасылық келеңсіздіктерге қарамастан, келіншек қайын ата-енесімен қарым-қатынасы жылы болғанын айтты. Өйткені үнемі жұмысбасты болып жүрген әжесінен ол мұндай мейірім көрмеген.
Үйлену тойынан кейінгі төрт жыл жас келін үшін күйеуінің айыптауларымен өтіпті. Ер адам жұбайын бала көтере алмағаны үшін кінәлай берген.
Осы ауыр жағдай ерлі-зайыптылар арасын мүлдем суытып жіберіп, сондай-ақ жаңа қарым-қатынастың басталуына түрткі болады. Қиын жағдайға тап болған әйелді өз қайын атасы жұбатып, қолдау көрсеткен.
Бастапқыда сыйластық ретінде болған сезімдер бірте-бірте үлкен махаббатқа ұласыпты. Келіншек өзіне шын мәнінде керек адамды кездестіргеніне нық сенімді болған.
Қайын атасы мен келіннің ара-қатынасы екеуі үшін де аса қажетті уақытта орын алған. Бірі бала жоқтығынан күйеуімен ажырасып тынса, екіншісі әйелін қара жерге тапсырып қош айтысқан кез болды. Екі туысқан да қолдаушы адамға мұқтаж еді.
Күйеуінен ажырасқан әйел бірден «нағыз сүйіктісімен» бір шаңырақ астына тұра бастап, одан балалы болып та үлгереді. Өзінің бұрынғы күйеуіне іні сыйлаған ол бұл жағдайдың шынымен де қызық болып шыққанын растады.
«Көбі қызық көргенімен, бұл тағдырдың сыйы болды. Бұрынғы күйеуіммен болған бақытсыз өмірге өкпем жоқ. Өйткені соның арқасында мен өмірлік махаббатыма жолықтым, сенімді серігіммен табыстым. Сүйікті адамымнан бала сүйдім, одан басқа не бақыт керек?», — деп айтты келіншек.
Інілі болғанын білген ер адам бұрынғы әйелі мен әкесінің әрекетін ту сыртынан болған сатқындық пен сорақы опасыздыққа теңеген. Ол бүгінгі күні екі жақын адамымен де байланыс үзген, інісін, тіпті көргісі жоқ.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен