jasqazaq.kz

Қайтыс болған қайыршының қалтасынан 442 млн теңге шыққан (фото)

21 мамыр 2018, 11:22


Ливанға қарасты қалашықта қайтыс болған қайыршының қалтасынан 442 миллион теңге қаражат тауып алған полицейлер не істерін білмей сасып қалған.

Фатима Отман есімді қайыршы әйелдің жүрегі сыр беріп, ұйқыға кеткеннен қайта оянбаған.  NUR.KZ. хабарлағандай, әйел азаматтық соғыста аяқ-қолынан айырылған екен. Бұл қайыршыны қалашық тұрғындарының бәрі танитын болып шықты. Себебі ол өмірінің біраз жылында осы қалашықта қайыр тілеп күнелткен.  Тұрғындар, күнде тиын-тебен тастайтын әйелдің өздерінен әлдеқайда бай екенін естігенде талып қала жаздаған.
52 жастағы әйелдің денесінен ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі байқалмапты. Тек ол мекен ететін қорапша жанынан 442 миллион теңге шыққанда бәрі жағасын ұстаған.  Ал қайыршының туыстары жағдайды «Фатима көшені мекен етіп үйренген. Басқаша жағдайға үйренбеген», — деп түсіндірді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен