jasqazaq.kz

Қайсар қыз, Әнел!

26 тамыз 2019, 15:22

Францияның солтүстігі мен Британ аралдарының оңтүстік-шығысын 38 шақырымға жалғап жатқан Ла-Манш бұғазын тұңғыш рет тамыздың 21 күні отандасымыз Әнел Сытдықова бағындырды.

Алматы халықаралық әуежайынан 25 тамыз күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымымен бірге Әнелді қазақтың қара домбырасымен әндетіп, ерекше қошаметпен қарсы алдық.

Әнел Әлібекқызының қол жеткізген жетістігі еліміздің тарихында болмаған елеулі оқиға. Ол – белгілі триатлоншы. Небәрі 6 жыл бұрын ғана жүзуді үйрене бастаған. Соның соңғы 4 жылғы дайындығын 38 шақырымға созылатын Ла-Манш бұғазын жүзіп өтуге арнады. Бұғазды 2016 жылы және 2018 жылдары бағындырғысы келген. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолы болмады. Алайда, ол қайсар мінезі мен жеңіске деген құлшынысының арқасында, осы жылы сәті түсіп Ла-Манш бұғазын 21 тамыз күні 15 сағат 15 минутта, гидрокостюмсіз-ақ жүзіп өтеді. Айта кету керек, бұғаз суының салқындығы 15-16 градус және жүзу түнде басталған. Сөйтіп ол үшінші мүмкіндігін мүлт жібермей, Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті.


Әнел Сытдықованың алға қойған тағы мақсаттары бар екен. Сол белестерден сүрінбей өтіп, бұдан да биік тұғырдан көріне беріңіз! – деп тілейміз!

 

Дайындаған Ғалия Қалиева,

фотоларды түсірген автор

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді