jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас жұбайын өзге режиссерлерден қызғанатынын айтты

06 ақпан 2018, 10:37


Қайрат Нұртас үшін 10 жыл бойы жеке өмірін халықтан жасыру оңайға соқпаған. Бүгінде тыңдармандарының арасында осынша уақыт жұбайын үйде ұстап келгені үшін Қайратты сынайтындар баршылық. Алайда әнші ешқашан “бойдақпын” деп айтқан емеспін дегенді алға тартуда.Бұл туралы Қайрат Comode.kz басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды stan.kz.

“Ол – рас. Жуырда біреу «осыншама уақыт үйленгенбедім деп айтуға қалай аузың барды» деп инста-парақшама жазыпты. Мен ешқашан «үйленбедім, бойдақпын» деп айтқан емеспін. «Жеке өмірім құпия» деп қысқа жауап беретінмін. Себебі, халық менің өнерімді бағаласа дедім. Ал, жеке өмір расында да жеке болуы керек”, – дейді Қайрат.

Бұл ретте хитмен не себепті Жұлдызды елге көрсеткенін түсіндірді.

“Өйткені, ол да кәсіби актриса. Бұл саланы оқыды. Он жыл менің отбасымның ұйытқысы болып, шырағымды сөндірмей отырды. Енді оның да өнерін шыңдайтын уақыт келген сияқты”, – дейді ол.

Кәсіби актриса болғанымен, Қайрат жұбайының өзге режиссерлердің фильміне түсуіне қарсы. Себебі:

«Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді» деген сөз бар. Мен шынымды айтсам, басқа режиссерлердің туындысына түсуге рұқсат беремін бе, бермеймін бе білмеймін. Сүйген жарым, отбасымның шырағы болғандықтан қызғанамын. Бәлкім, өзім түсіретін фильмдерге ғана түсуге рұқсат беретін шығармын. Мүмкін, Жұлдызға арнап арнайы сценарий жазып, кино түсіретін шығармыз”, – деп түсіндірді ол.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады