Ақша мен атақ өзгертпеген бір жұлдыз болса, ол – Қайрат Нұртас! Әншінің кезекті қайырымды ісін көрген жұрт дәл осылай деп ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жүрген жерінде сыйлықтар таратып, қайырымдылық жасаудан шаршамайтын Қайрат Нұртас тағы бір игі ісімен көзге түсті. Ол өзімен кездескісі келетін науқас балалардың арманын орындады.
Қайраттың желідегі фан-парақшаларының бірінде әншінің арнайы ауруханаға барған суреттері мен видеосы жарияланды.
“Алла қаласа жазылып кетіңдер, ауырмаңдар”, – деп ақ тілегін білдірген әнші желі оқырмандарының жүрегін елжіретті.