jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас қазақ тілінде сөйлейтін жапониялық жанкүйерлерімен кездесті (видео)

18 қантар 2018, 12:29

Қайрат Нұртас қазақ тілінде сөйлейтін жапониялық жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Мен бүгін қатты қуанып отырмын. Менің де Жапонияда тыңдармандарым бар екен», — деген Қайрат Нұртас жапон жанкүйерлерімен таныстырды.

Today.kz сайты Қайрат Нұртастың Жапонияға не үшін барғанын білу үшін әншінің арт-директоры Мира Келімбетоваға қоңырау шалды.

«Қайрат Yokohama Rubber Company-дің шақыртуымен Жапонияға іссапарға аттанды. Ол жақта компанияның презентациясына қатысады, Токио қаласымен танысады. Видеодағы жанкүйерлері — бұрын Қазақстанда оқып, қазір Жапонияда жұмыс істеп жатқан жапондар. Қайраттың Жапонияға келгенін естіп, өздері кездесуге ұсыныс жасаған. Қазақстаннан кетсе де, Қайраттың Instagram желісіндегі парақшасын бақылап, әлі күнге әндерін тыңдап тұрады екен», — деді Мира Келімбетова.

Мираның сөзінше, Қайрат Нұртас 20 қаңтарда елге оралады.

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан