jasqazaq.kz

Қайрат Келімбетов: Ауыл шаруашылығына инвестиция тартамыз

25 мамыр 2018, 11:35

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми ашылған уақытта тек шикізат қана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да инвестиция тартылатын болады. Бұл туралы аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов Алматыда өткен XV Еуразия Медиа Форумы барысында Jas qazaq тілшісіне айтты.

Jas qazaq: Қайрат Нематұлы, шілде айында көптен күткен қаржы орталығының ресми ашылуы өтеді. Оған дайындық барысы қалай?
Қ.Келімбетов: Екі жыл бойы дайындық жұмысын жүргізіп, осы жылдың шілде айында АХҚО-ның ресми таныстырылымын өткіземіз. Жоспарға сәйкес, инвестициялық банктер мен активтерді басқаратын компаниялар, Исламдық қаржы институттары және жаңадан қаржы технологияларын игерген компаниялардың барлығы бізге келеді. Соңғы жылдары біз арнайы жұмыс жүргіздік. Ағылшын жалпы ережесі аясында 50-ден астам нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Лондон, Дубай, Сингапур, Гонконг сияқты халықаралық қаржы орталықтарының үздік тәжірибесін ескердік. Осы заңдарға сәйкес, жаңадан бірнеше институт құрылды. Біріншісі – биржа. Американдық Nazdak пен қытайлық Шанхай қор биржасымен бірлесіп арнайы биржа құрдық. Онда жекешелендіру процестері болады. Тек осы жылдың аяғына дейін«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компанияларды жекешелендіру процесі жүргізіледі. Солардың ішінде «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниялары бар. Жоспарымызға сәйкес, жылдың аяғына дейін жұмысты бастаймыз. Біздің ойымызша, инвестиция тартуға мүмкіндік көп. Инвестиция тарту бойынша мемлекеттік мекемелермен де бірлесіп жұмыс істейміз. Сонымен қатар біз АХҚО Тәуелсіз сотын құрдық. Оған 9 адам тағайындалды. Олар Ұлыбританиядан арнайы келіп, тәжірибесімен бөлісетін болды. 5 шілдеден бастап біз айтып отырған қызметтің бәрі түгелдей көрсетіле бастайды.
Jas qazaq: Инвесторлар қызығушылық танытып жатыр ма?
Қ.Келімбетов: Қызығушылық танытып жатқандар өте көп. Әсіресе, Қытай мен Ресейден. Жалпы барлық инвестиция тарту бойынша біздің негізгі бағытымыздың 50 пайызы Азиядан, оның ішінде Қытайдан болады. Ал 30 пайызы – Еуразия аумағынан. 20 пайызы басқа елдердің еншісінде. Біз инвесторға барынша жағдай жасауға тырысамыз. Алдағы 5-7 жылда 10 млрд доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.
Jas qazaq: Инвестиция тартуда нақты қай салаға басымдық беріледі? Шикізатқа ма, әлде дайын өнімге ме?
Қ.Келімбетов: Менің ойымша, біз осыған дейін көбінесе шикізатты өндіруге инвестиция тарттық. Соңғы 25 жылдың ішінде 250 млрд доллардан астам инвестиция құйылыпты. Біз сол жұмысты жалғастыратын боламыз. Бірақ негізгі мақсат – шикізат өндіру емес. Басқа салаларды қамтымақпыз. Мәселен, ауыл шаруашылығына, логистикаға, инфрақұрылымға инвестиция тартуды көздеп отырмыз.

Сұхбаттасқан Елдос Өмірзақ

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен