jasqazaq.kz

Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионын жеңді

09 маусым 2018, 16:40

ҚР Президенті кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирдің жартылай финалында Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионы Шаxобиддин Зоировпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Екі боксшы бірінші раундтан бастап ашық шабуылға көшті. Бір-біріне дес бермей, үнемі қысым жасап отырды. Екеуі де жылдам қимылдады, қарымта шабуылдары да жақсы өтті. Ал екінші раудта Қайрат Ералиев екі қолын түсіріп, ойнап жүріп, бокстасып көрді. Осы тактикасы арқасында бірнеше жақсы соққыларын да дарытты. Үшінші раундта тағы қарсыласының жүйкесін жұқартып, артқа шегініп жүріп, әдемі қорғана білді. Зоировтың күші сарқылып, бірнеше рет сүрініп құлады. Қазақстандық боксшы осы мүмкіндікті шебер пайдалана білді, өз ұпайларын еселеп алды. Төрешілер шешімімен Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Финалда оны америкалық Дюк Ламонд Раган күтіп отыр. Айта кетейік, бұған дейін 49 келі салмақ дәрежесінде Жомарт Ержан үндістандық Лалбиаккима Нутлаиды жеңді. Аталған боксшы ширек финалда Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты ұтқан болатын. Одан кейінгі жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов ресейлік Василий Егоровты ұтты. Енді, ол финалда Жомарт Ержанмен кездеседі. 52 келі салмақта Әнуар Мұзафаров жапондық Баба Руисейден басым түсті. Финалда оған қарсы филипиндық Ладон Роген Сиага шығады. Ал қыздар арасында төрт боксшымыз финалға шықты.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр