jasqazaq.kz

Кене шаққандардың саны 5 мыңға жуықтады

22 мамыр 2018, 10:32


 Кене қаптады! Елімізде күн жылынғалы бері кене шаққандардың саны 5 мыңға жуықтады. Биыл әсіресе, қауіпті дерт кене боррелиозы өршіп тұр. Оның салдары да жаман. Эпидемиологтар биыл жәндіктер әдеттегідей орман-тоғайларда емес, қалада қаптағанын айтып дабыл қағуда.

КТК хабарлағандай, күн жыли бастағанда тиісті орындар қаулап өскен шөптерді орып, дәрілеген еді. Соған қарамастан кене шағып, ауруханаға түскен адамдардың легі толастар емес. Наурыз айынан бері елімізде 4831 адам улы жәндіктен зардап шеккен. Оның алтауында қатерлі кене боррелиозы дерті анықталып отыр. Бұл кесел жабысқан уақытта науқас дер кезінде дәрігер көмегіне жүгіну қажет. Себебі, дендеген дертке ем табу қиын.

Жанна ШАПИЕВА, санитарлық -эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының  маманы:

— Уақытынан кеш келетін адамдарды емдеу қиынға соғады. Бұл дерттің салдары өте күрделі. Қазақстанда 2012 жылдан бастап кене боррелиозын анықтай бастадық. Инфекция денеге таралып кетсе, жүрек-қан тамырларының жұмысы нашарлайды. Адам сал болып қалуы мүмкін. Тіпті, өлім қаупі де бар. Дерттің алғашқы белгісі кене шағып алған жер сақина пішіндес қызарып-бөртеді. Биыл бұл қауіпті кесел әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматыда өршіп тұр. Ең сорақысы кене боррелиозына қарсы екпе жоқ. Сол себепті, мамандар «Кенеге қарсы» бағдарламасы бойынша алдын ала сақтануды ұсынды. Оның құны бар болғаны 200 теңге.

Балжан  СҮЙЕУОВА, сақтандыру компаниясының өкілі:

-Егер кене шаққан кезде кене энцефалиті, кене борриллиозы және т.б ауруға шалдыққаныңыз анықталса, сондай-ақ адам өлімі анықталса 500 мың теңге төлемақы төлейміз. Сақтандыру уақыты маусым айынан бастап қыркүйек айына дейін жарамды. Қансорғыш жәндіктер соңғы уақытта орманды, далалы жерді қойып, қала ішінде де қаптаған. Эпидемиологтар тұрғындарды зиянкестерден сақ болуға шақырды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен