jasqazaq.kz

Келестегі қылмыс: 16 жастағы қызды зорлап, анасы екеуін өлтіріп кеткен

13 қыркүйек 2024, 13:08

Әлеуметтік желіде Сарыағаш қаласы Келес ауданы Амангелді ауылында жантүршігерлік өлім болғаны туралы ақпарат тарады. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаны ішінара растады. Яғни, әкімдіктің баспасөз қызметі қаза тапқан екі адам қызы мен анасы екені шын деп отыр. Бұл туралы Azattyq-ruhy.kz сайты жазды.

Әлеуметтік желіде Келес ауданы Амангелді ауылында болған қорқынышты оқиға туралы ақпарат тарады. Хат иесінің айтуынша, бұрынғы мұғалім 16 жастағы оқушы қызды зорлап, оны анасымен бірге өлтіріп кеткен.

«30 жастағы күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде 16 жастағы оқушы қызға көз салып, қырындап жүрген. 16 жастағы қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтқан сияқты. Мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған. Өшін алу үшін ол түнде үйлеріне кіріп, қызды зорлап анасымен бірге өлітіріп кеткен. Бүгін бір үйден екі бірдей жаназа шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, талдырған. Қызды бөлмеге апарып, есікті бекітіп алып, бетінен, кеудесінен түк қалдырмай, тістеген. Түк болмағандай шығып бара жатқанда, көршісі дауысын естіп, жүгіріп келіп, есікті ашса, қашып кетпек болыпты.  Келес өзеніне суға түсіп алып, көшенің басында қарбыз сататындардың төсегіне жатып алыпты. Анасының басынан кірпішпен ұрып, «мені жұмыстан шығартқан сенсің» деген екен. Енді өзін жындыға салып, құтылып кеткісі келіп жатыр. Ауыл қатты ашулы, отбасылы әйел төртінші баласын босанғалы жүрген», — деп жазған хат авторы.

Редакция мәселені анықтау үшін Түркістан облысының полиция департаменті мен әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласты. Әзірге әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді. Ал, полиция таңертеңнен бері ресми ақпарат дайындап жатқанын айтты.

«Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдарынына байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасы тарапынан “Күдікті” деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз», — деп хабарлады әкімдік.

JQ-Aqparat

Сурет: depositphotos.com

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды