Kaspi.kz Tynyq музыкалық тобы туралы фильмді түсіруге қолдау көрсетті

05 желтоқсан, 12:27

Kaspi.kz қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтың Tynyq музыкалық тобы туралы қысқаметражды деректі фильмін түсіруге қолдау көрсетті.

Қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясы көптеген жылдар бойы адамдарды музыка, спорт және салауатты өмір салтының айналасына біріктіретін бастамаларды қолдап келеді.

Биыл Kaspi.kz OYU Fest және OYU Live жобаларының бас серіктесі болды. Бұл жобалардың негізін заманауи қазақстандық музыка орындаушыларын қолдау мақсатында танымал режиссер Айсұлтан Сейітов қалаған.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«Қазақстандықтар – ерекше талантты. Менің байқауымша спортта, бизнесте, медицинада және музыкада таңғалдыратын адамдар көп. Біз жас таланттарды қуана қолдаймыз, өйткені олар өз кезегінде елдің дамуына үлес қосады. OYU Fest біз үшін нағыз жаңалық болды. Біз осы бір тамаша музыкалық фестиваль мен OYU Live-тың жаңа маусымының түсіріліміне бас серіктес болғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ Tynyq тобы туралы деректі фильм түсірілімін қолдадық. Біз барлығымыз жас музыканттарға үлкен табыс тілейміз!»

Айсұлтан Сейітов, OYU және QARA studios жобаларының негізін қалаушы:

«Бізде Kaspi-мен тамаша үйлесім қалыптасты. Бізді қазақстандық музыканы құрметтеп, жаңа әртістерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беру деген ортақ мақсат біріктіреді. Алматы мен Астанада өткен фестивальдерден және OYU Live түсірілімдерінен кейін біз осы маусымның дебютанттары – Tynyq тобы туралы деректі фильм түсіруді шештік. Олар керемет әсем инди-поп музыкасын жазады және орындайды, мен бұл музыканы адамдардың тыңдап, қолдағанын қалаймын. Егер сіз фильмді көрсеңіз, олардың жарқын, таза, ақылды және білімді жастар екенін байқайсыз. Осындай топтармен жұмыс істеу – мен үшін үлкен құрмет. Біз бұл жобамен және Kaspi-мен коллаборациямызға мақтанамыз! Келесі жылы біз жобаны және фестивальді аймақтарда іске қосқымыз келеді, өйткені біз жаңа қазақстандық таланттарды ашқымыз келеді. Адамдар оларды көбірек танып, біздің жобамыз арқылы бір әлеуметтік көтерілу мүмкіндігіне ие болады деп сенеміз».

OYU Fest – бұл Алматы мен Астанадағы заманауи музыкаға арналған ауқымды фестивальдер, мұнда инди-поп стилінде өнер көрсететін талантты қазақстандық орындаушыларды тыңдауға болады. Сахнаға дебютанттар да, жұлдыздар да шығады.

OYU Live – үздік қазақстандық заманауи музыканттардың жанды дауыстағы ән орындауларын түсіретін жоба. Бұл түсірілімнің видеоларын OYU-дың Youtube-арнасынан көруге болады. Көптеген талантты дебютанттар үшін бұл жоба бастау алаңы.

Айсұлтан Сейітов – қазақстандық режиссер, продюсер, сценарист. QARA шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушы және идеялық шабыттандырушы. Moldanazar, Kanye West, Offset, Ivan Dorn, L’One, Скриптонит, MiyaGi & Эндшпиль, 21 Savage, Jah Khalib және басқалардың бейнебаяндарын түсірген режиссер. 2023 жылы өзінің алғашқы толықметражды «Қаш» фильмін шығарып, Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жетті.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті тұтынушылары мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардың негізі еліміздегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz, оны 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Ол елдегі жетекші электронды коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтерді біріктіреді.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге, онлайн тиімді зат сатып алады, комиссиясы төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржысын басқарады, әуе және пойыз билеттерін, турларды сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржы алады, төлемдерді қабылдайды, жарнамалық науқандарды бастайды, салық төлейді, электронды коммерция және жеткізу платформасына қосылып, оның көмегімен бүкіл ел аумағында тауарларын сатады.

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?