jasqazaq.kz

Кәсіпкерлікті дамытудың құпиясы

15 наурыз 2018, 17:54


«Өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың 7 қадамы» кешенді бағдарламасы аясында 2018 жылдың 16-18 наурыз аралығында Al-Farabi Education Business Academy «Кәсіпкер боламын!» жобасы бойынша облыстағы 50 мұғалімді бизнес-бапкер ретінде дайындау тренингін өткізеді.

Маңғыстау облысында 2017 жылдың желтоқсан айында алғаш рет ұстаздар мен оқушыларға бағытталған «Кәсіпкер боламын!» пилоттық жобасы өткізіліп, жоба аясында 35 мұғалім 40 сағаттық курстан өтті. Қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқыту курсы ойын түрінде жүргізіледі: жоба үшін арнайы «Кәсіпкер боламын!» іскерлік ойыны жасалынды. Аталған ойын оқушылар арасында өткізуге қатысқан мұғалімге таратылды.

Жобаның басты мақсаты: Әлеуетті кәсіпкерлікті жасөспірімдер және мұғалімдер мен ата-аналар арасында дамыту. Әлеуетті кәсіпкерлер – бұл «Ғаламдық кәсіпкерлік мониторингі (GEM)» зерттеуіне сәйкес, өз ісін әлі ашпаған, бірақ өздерінің кәсіпкерлік қабілеті мен конъюнктурасын оң бағалайтын адамдар. Дәл осы адамдардың көпшілігі кәсіпкер болуы ықтимал. Яғни, әлеуетті кәсіпкерлікті дамыту — болашаққа жасалған стратегиялық қадам.

Жобаның ерекшелігі: — Мектеп, отбасы және кәсіпкерлермен бірлесе отырып кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың жаңа форматы; — Кәсіпкерлік негіздерінен дайындалған бизнес-тренерлер өз сабақтарын нақты мысалдар арқылы жүргізу арқылы оқушылардың тәжірибедегі бағыты мен беделін арттырады, яғни, синергия туындайды (бірнеше оң әсерлі ынтымақтастық); — Оқытудың көп бағыттағы әсері: курстан өткен мұғалімдер пилоттық жоба ретінде тек қана жоғары сынып оқушыларын оқытып қоймай, сонымен қатар, әріптестері мен оқушылардың ата-аналарын да оқытады; кәсіпкерлік негіздері бойынша тәуелсіз курстар мен тренингтік агенттіктер ашылуының ықтималдығы жоғарылайды; — Оқыту тәжірибелік мысалдармен қазақ тілінде өтеді; Оқу аяқталғаннан кейін белсенділіктерін артыру және алған білімдерін тексеру мақсатында тестілеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, жоба аяқталғаннан кейін оқушылар, отбасылық командалар және мұғалімдер үшін арнайы бизнес-лагерь өткізу қарастырылған.
Өткізілетін уақыты: 16-18 наурыз 2018 ж., сағ. 10.00-17.00 Өткізілетін орыны: Renaissance қонақ үйі, «Каспий» залы

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен