jasqazaq.kz

Кәсіпкерден пара алмақ болған полицей қызметінің бастығы ұсталды

24 сәуiр 2018, 12:54

Ақтөбеде жеке кәсіпкерден пара алмақ болған жергілікті полиция қызметінің бастығы ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Ақтөбеде облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерден бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін пара алу барысында Елек аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Алдамжаровты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ол. Сонымен қатар, Алмас Садубаевтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінде кеше белгісіз 4 адам кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. «Олар шолақ мылтықпен және пышақпен отбасы мүшелерін, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды қорқытып, жарты миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Алмас Садубаев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті