jasqazaq.kz

Картоп бағасы алдағы 2-3 күнде тұрақтанады

21 қантар 2025, 12:57

ҚР Ауыл шаруашылығы Егіншілік департаментінің директоры Назгүл Хатепова Үкіметте картоп бағасының кенеттен қымбаттауы жөнінде пікір білдірді.

− Бағаның көтерілуі немесе түсуі тенденциясы тұрақты бақылауда. Соңғы үш күннің өзінде бағаның төмендеу фактілерін көріп отырмыз. Астана бойынша картоп кеше 433 теңге болса, бүгін 280 теңге. Магнум мен көтерме сауда орталықтарындағы жедел ақпарат та бізде бар. Алдағы 2-3 күнде бұл Қазақстан бойынша бағаға әсер етіп, келесі аптада тұрақты баға орнайды деп сенеміз, − деді Н. Хатепова Үкімет кулуарында.

Бұл ретте картоптың шаруалардан сатып алынатын өзіндік құны – 170-180 теңге.

− Сыртқы нарықта картопқа сұраныс өте жоғары. Бұл бір жағынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жақсы. Өйткені өз өнімдерін тиімді бағада сата алады. Алайда баға ішкі факторға әсерін тигізіп отыр. Яғни сыртқы нарықта жоғары сұраныс болғандықтан ішкі бағада көтеріліп кетті. Бұл мәселені тұрақтандыру үшін картоп экспортына тыйым салынды, — деп түсіндірді Н. Хатепова.

inform.kz

Фото: pexels.com

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет