jasqazaq.kz

«Канелоның» екінші допинг-сынағының нәтижелері белгілі болды

09 наурыз 2018, 16:10

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында тапсырған тағы екі допинг-сынағының нәтижесі белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің мәліметі бойынша, Альварестің 3 және 5 наурызда тапсырған допинг-сынағының нәтижесі кленбутеролдың және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсетеді. Еске сала кетейік, осыған дейін Альварестің допингпен ұсталғаны хабарланған болатын. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған екен. Кейінірек допинг-сынақтан өте алмаған Альваресті өмір бойына спорттан шеттету ұсынылған болатын. «Кленбутерол — жеңіл препарат емес, еттен келді дей алмайсың. Бұл Амстердамда қаныңнан марихуана шығып тұрса да, тәтті наннан деп ақталғандай күй. Препарат майды жойып, бұлшықет массасын өсіреді және демалуға көмектеседі. Мұны қасақана қабылдасаң, қатты зақым келмейді. Өмір бойына шеттету», — деп жазған еді ирландиялық боксшы Эрик ДонованTwitter желісінде.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен