jasqazaq.kz

Көзі көрмейтін бөбектер баратын орын жоқ

02 ақпан 2017, 23:34

Елімізде көзі көрмейтін бөбектер баратын орын жоқ. Осы күнге дейін ешбір аймақта балабақша түгілі, зағип балаларға арналған бейімдеу орталықтары ашылмаған. Тек мектеп жасына жеткенде, оқуға арнайы интернаттарға барады. Ал жеті жасқа дейін ата-анасының жанынан шықпайды. Зағип бала бағып отырғандар осы күнге дейін өздерінің елеусіз болып отырғандарына қапалы.

Гүлнұр Сейітханованың нан жаятын оқтауы күнде қолынан түспейтін болған. Ас үйдегі бұл құралы туа бітті көзі көрмейтін қызының алғашқы қадамын жасауына септігін тигізіпті. Өйткені сау балаға қарағанда зағип бөбектер су қараңғылықтан қорқып, аяғын баспайды екен. Тіпті, көзі көрмейтін балалардың ойыншығын да ерекше талғаммен алу керек. Зағип баласын өмірге бейімдеу үшін Гүлнұр барынша тырысып жүр. Жұрт қатарлы бөбегін балабақшаға да апарғысы келеді. Бірақ ондай орын Ақтөбе тұрмақ елімізде жоқ.

Гүлнұр Сейітханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Нашар көрмейтін балаларға бөлек бақша болса дейміз. Көз жанары жоқ екен деп үйде отыра береміз бе?

Қазір бір Ақтөбе облысының өзінде көзі көрмейтін 124 бала есепте тұр. Мектеп жасына жетпеген бөбектерге мемлекеттің көрсететін көмегін естігенде күлкің келеді.

Рита Сиражетдинова, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

-Балаларға тифлоқұрылғылар береміз. Брайл қағаздарын, плейрдиктофон, телефон мен тифлотаяқ бар. Сағат та қарастырылған.

Қадамын қаз басқан баланың бұл техниканы түсінбесі белгілі. Ал оны үйрететін маман аймақта мүлдем жоқ. Сондықтан балабақша түгілі, шағын орталық аша алмаймыз дейді шенеуніктер. Тіпті, мемлекеттік кеңес беру комиссияның құрамына тифлопедагок қызметін өзге сала мамандары атқарып отыр.

Қайрат Алдажаров, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы:

-Облыс бойынша бүгінгі күні бір тифлопедагок облыста бар. Ол қалалық психо-педагогикалық консультацияда. Білімі-дифекталогия. Соқыр балаларға мектепке дейінгі арнайы мекеме облыста жоқ.

Зағип балалар баратын балабақша көршілес елдегі Орынборда бар екен. Бірақ онда қатынауға кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әр аймақтың атқамінерлері арнайы бағдарламаны қолға алып, көз жанарынан айырылған балаларға қарайласса дейді қамкөңіл аналар.

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт