«Көк китті» құрықтады

14 ақпан 2017, 14:49

Алматының Наурызбай аудандық сотының үкімімен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Көк кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре» топтары бұғатталды.

«Наурызбай аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында балаларды суицидке насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға тиым салынды», — дейді Наурызбай ауданы баспасөз қызметінің өкілдері.

Іс материалы бойынша «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Көк кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре» топтары бар. Бұл топтарда балаларды өзіне қол жұмсауға шақырған, соның ішінде аркадалық ойындар жолымен.

Еске салайық, «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын «Көк кит» (Тихий дом») деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды.

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде «Көк кит» және «Тихий дом» топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Tengrinews.kz

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде