jasqazaq.kz

Изолятордан қашқан қылмыскер қолға түсті

27 ақпан 2018, 10:44

Осыдан екі күн бұрын Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер қолға түсті деп мәлімдеді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

Еске салайық, 25 ақпан күні Астанада тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Қазақстан ІІМ мәліметі бойынша, ер адам ғимараттың бір қабатты корпусының жанындағы серуендеуге арналған алаңнан қашып кеткен екен.

“Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаменті Нұра аудандық бөлімінің қызметкерлері Аxмет аулының маңайында “Жигули” көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік салонында қашқын қылмыскер отырды. Ол ұстау барысында қарсылық жасаған жоқ. ҚР Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінен қашқаны үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған”, – деді ҚАЖК баспасөз xатшысы Ғалымжан Хасенов.

stan.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр