jasqazaq.kz

Итиро Кавабата: ЭКСПО екі ел қарым-қатынасының нығаюына сеп болды

26 қантар 2018, 20:37

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесу өткізді.

Басқарма Төрағасы мәртебелі мейманға көрме аяқталған соң, Ұлттық компанияға міндеттелген бірқатар жұмыстар жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, Е.Шорманов 2017 жылғы қарашаның 10-нан бастап «Нұр Әлем» Ұлттық павильоны, Үздік тәжірбиелер аймағы, Энергия холы және Конгресс орталығының келушілер үшін қайта іске қосылғанына да тоқталды. Кездесу барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» ІТ-стартаптарының халықаралық технопаркі, Жасыл технологиялар орталығы және өзге де ұйымдар жайғасатын нысандарда қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны баяндалды.

Ербол Шорманов Жапоняның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Итиро Кавабатаға алғысын білдірді.

«Жапония көрмеге қатысатынын алғашқы болып растаған мемлекеттердің қатарында. Көрме кезінде Күншығыс елінің павильоны ең көп тамашаланған «Үздік 10» павильон (700 мың адам тамашалаған) қатарынан орын алды. ЭКСПО-2017 барысында, көрмеге келушілер жапон халқының мәдениетімен және дәстүрімен етене танысып,  жарықдиоды, балдыр биомассасы және сутекті энергетика саласындағы соңғы технологияларын тамашалады.  Ең бастысы, екі елдің бизнес өкілдері өзара байланыс орнатты», – деді Е.Шорманов.

Өз кезегінде Жапония елшісі ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.

«ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына сеп болғанын үлкен сеніммен айта аламын», — деді И.Кавабата.

Сондай-ақ, И.Кавабата мырза  Жапонияның Осако қаласында ЭКСПО-2025 Бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына ие болуы бағытындағы жұмыстарды ілгерілетуде  екенін тілге тиек етті.

Кездесу соңында Ербол Шорманов Итиро Кавабата мырзаға бөлген уақыты үшін алғыс айтып, Жапония тарапының жоғары технологиялар мен жасыл энергетика саласында алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ

Қоғаммен байланыс департаменті

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті