Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында ішімдік ішкен 15 жастағы оқушы қыз бірінші сатыдағы комаға түсті.
Тоғызыншы сынып оқушысы Мәдениет және спорт сарайында алкогольді ішімдік ішкен. Кейін ол өзін жаман сезініп, іс-әрекетіне саналы түрде жауап бере алмайтын бірінші сатыдағы комаға түскен.
Қыздың ата-анасына қатысты полиция «Кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.