Иранда болған жер сілкінісінің дүмпулерін жергілікті тұрғындар сезінген. Ақпаратқа сәйкес, күші 5,3 балдық табиғи апаттың ошағы Ясудж қаласынан 11 шақырым қашықтықта өтіп, кіндігі 10 шақырымда тереңдікте болған. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.