Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті.
ҚазАқпарат хабарлағандай, алқалы жиында Елбасы «Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарнама 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», — деді.